Ер адам Ақмолада ұрланған телефондарды Нұр-Сұлтанда сатпақ болған
Ақмолада ұрланған телефондарды ер адам Нұр-Сұлтанда сатпақ болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 желтоқсанда Бұланды ауданының ПБ кезекші бөліміне жеке кәсіпкер Макинск қаласының тұрғынынан ұялы телефонды ұрлау туралы өтініш келіп түсті.
Белгісіз тұлғалар бутиктің желкөзін бұзып, түрлі үлгідегі жеті ұялы телефонды ұрлап кеткені алдын ала анықталған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Нұр-Сұлтан қаласында Бұланды ауданының ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен күдікті анықталып, ұсталды. Ер адам ұрланған телефондарды елорданың сауда үйлерінің бірінде сатпақ болған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақмола полицейлері 2020 жылдың басынан бастап заңнамада ұрлық үшін жауапкершілік күшейтілгенін еске салады. Енді қылмыстың бұл түрі ауыр санатқа өтіп, татуласу мүмкіндігін жоқ.