Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам Астанада автокөлік сатып алу кезінде таныстарын алдаған

Ер адам Астанада автокөлік сатып алу кезінде таныстарын алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорданың жеті тұрғыны өтініш білдіріп, көліктерін ұрлап кетіп, оларды алдаған танысына қатысты шара қолдануды сұраған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері автокөлік жымқыруға қатысы бар 60 жастағы Тараз тұрғынын ұстады.

Ер адам автокөлік иелерінің сеніміне кіріп, олармен таныстығын жалғастырып, автомобильдерін өзіне сатуды ұсынған. Алдын ала төлем ретінде ер адам оларға бір млн теңгеден екі млн теңгеге дейінгі сомада ақша қалдырған. Автокөліктерді иемденген қаскүнем оларды Алматы, Тараз қалаларында арзан бағамен сатқан.

Мысалы, ер адам Тараз қаласында Toyota Camry 70 автокөлігін 5 млн теңгеге сатқан, ол үшін Астанада 2 млн теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді, келтірілген шығын сомасы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру