Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам біреудің көлігін заңсыз айдап кетіп, жол апатына түсті

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның көлігін заңсыз айдап кетіп, жол апатын жасаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын «102» нөмірі арқылы хабарласады. Ол «ВАЗ» маркалы көлігін белгісіз біреу заңсыз айдап кетіп, таппай қалғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі төрт шамасында жұмысының алдында тұрған көлігін көруге шыққанында жоқ болған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 700 мың теңгені құрайды.

Өзгенің көлігін айдап кеткен күдіктіні ұстау мақсатында аудандық полицейлерден арнайы топ құрылып, оқиға орнына жетеді. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің көлігін мұқият іздестіріп, жақын аймақтарды аралап шығады. Нәтижесінде Қазығұрт ауданындағы жолда көліктің жол апатына түсіп тоқтап тұрған жерінен ұстайды. Жол апаты салдарынан ешкім зардап шекпеген. Тәртіп сақшылары көлікті ұрлап, жол көлік апатын жасағанды ұстап, АПБ-не жеткізді. Автокөлік иесіне жеткізілді. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне көліктерін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ, автокөліктердің есіктері мен терезелерін ұзақ уақыт ашық тастамаңыз. Осындай оқыс жағдайға тап болсаңыз немесе куәгері болсаңыз, шұғыл полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру