Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам көшеде әйелдің қолынан телефонын тартып алды

Қарағандылық полицейлер әйелді тонаған қылмыскерді «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қыркүйекте Қарағанды қаласы Октябрь ПБ-не жеке үйлер аумағында адамды тонады деген хабарлама түсті. Оқиға орнына барған тергеу-жедел тобы жәбірленушіні, 52 жастағы әйелді анықтады. Ол көше бойында ұялы телефон арқылы сөйлесіп келе жатқан кезінде, алдынан белгісіз біреу кенеттен шығып, әйелдің қолынан телефонды жұлып алып, қашып кеткенін айтты.

Таңданған әйел қылмыскердің қашқан бағытын және сипаттамасын берді. Полицейлер ізін суытпай бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған 37 жастағы күдіктіні ұстады. Қолға түскен қылмыскер кінәсін мойындап, жәбірленушінің телефонын қайтарды.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру