Ер адам полицейді жолдан тоқтатып, қарсылық көрсеткен
Полицейге қарсылық танытып, балағат сөздермен қорлаған адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қажетті іс-шараларды атқарады. Осындай жұмыс күнінің бірінде Сайрам АПБ ЖПҚ Патрульдік полиция тобының екіинспекторы қызметтерін атқару кезінде күндізгі сағат 12:00 шамасында жол ережесі талаптарын сақтамаған «ВАЗ-21043» маркалы көлікті тоқтатады. Тексеру барысында жүргізушінің автокөлікке тиісті құжаттары болмай шығады. Содан полицейлер көлікті айыптұраққа қою үшін алып бара жатқанында жүргізушінің ұлы келіп, жолдан полицейлерді тоқтатып, көліктің кілтін алып қойып, билік өкіліне қарсы дөрекі мінезін көрсете бастайды. Заңды талаптарға бағынбай, тіл тигізіп, балағат сөздермен қорлап, аузына келгенін айтады. Тәртіп бұзушының іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 378-бабының 3-бөлігі «Билік өкілін қорлау» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Бас шарасы қолхатпен босатылды.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қоғамдық орындарда тәртіпті бұзбауға кеңес береді.