Ер адам қоғамдық моншада көкшетаулықтың әмиянын ұрлап кетті
Ер адам қоғамдық моншада көкшетаулықтың әмиянын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, 6 желтоқсанда қоғамдық моншаның шешінетін бөлмесінде белгісіз адам оның шкафынан 138 мың теңге ақша қаражаты мен құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткенін хабарлады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны анықталды.
Бұл факті 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша СДТБТ енгізілді.