Ер адам Талдықорғанның тергеу изоляторына 5 ұялы телефон өткізбек болды
Ер адам Талдықорғанның тергеу изоляторына бес ұялы телефон өткізуге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/16 тергеу изоляторына ер адам бес ұялы телефонды өткізуге тырысты.
Ер адам тыйым салынған заттарды жол сөмкесінің бүйіріне тығып, айла-амалмен беруге тырысты.
Режим және жедел бөлім қызметкерлерімен тексеру барысында бес ұялы телефон, екі зарядтағыш жән еекі sim-карта табылып, тәркіленді.
Тыйым салынған заттар тергеу изоляторының шаруашылық қызметінде ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған адамға арналған болатын.
– ҚАЖ қызметкерлерінің қырағылығының арқасында бір апта ішінде Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/16 мекемесінде тыйым салынған заттарды алып өтудің екі фактісі тіркелді.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналды, – деп атап өтті облыстық ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.