Ер адам телефонды тоқ ішегіне тығып, тергеу изоляторына кірмек болды
Қарағандының тергеу изоляторына ер адам мобильді құрылғыны байқатпай тығып алып өтпек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
32 жастағы тергеу-қамауға алынған ер адамды телевизиялық ренгтгенді құрылғымен жеке тексеру кезінде тоқ ішегінен Nokia ұялы телефоны табылған.
Аталған факті ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Ер адам тәртіп изоляторына қамалды.