Ер адамды ұрып-соққан күдіктілер ұсталды
Алматы облысының полицейлері ер адамды ұрып-соғып, дене жарақаттарын салған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 7 қаңтарында Қарасай ауданының ПБ кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 20 жастағы тұрғыны оны Қаскелең қаласы көшелерінің бірінде белгісіз қыз бен жігіттің себепсіз ұрып-соққаны жайында жүгінген. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша тіркелді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Қаскелең қаласының тұрғындары болып табылатын 20 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйел адамды ұстады. Олар өз іс-әрекеттерін толық мойындады, бірақ жәбірленушіні не себепті ұрып-соққандарын әлі түсіндірген жоқ. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Орын алған деректің басқа мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.