Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адамның күртешесінен есірткі табылды

Түркістан облысының полицейлері есірткі қолданатын тұрғындарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз сақтап жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Сарыағаш аудандық ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы аясында оны көшеден ұстап, тінту барысында үстіндегі киімінің қалтасынан темекінің қорабына салынған есірткіні тапты. Анықталған өсімдік тәркіленіп алынып, сараптама тағайындалды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркеді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат «кептірілген марихуана» болып шықты. Салмағы үш граммнан астам. Қазіргі таңда күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде. Бас шарасы қолхат.

Сондай-ақ полицейлердің күнделікті жүргізілетін рейдтік шаралары барысында, көшеде отырған бір топ баланы көрген. Олардың оғаш қылықтарынан күдіктеніп, тінти бастайды. Сол мезетте бір жас жігіттің қалтасынан қағазға оралған есірткі табылды. Бұл жайтты да полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша тіркеп, сараптама тағайындалды. Қорытындысына сай, кептірілген марихуана екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті азамат қамауға алынып, орын алған оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру