Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер есімі – ел есінде

Бүгін Қарағанды облысының Полиция департаменті мен аумақтық бөліністерінің жұмыс күні осыдан 9 жыл бұрын қаруланған қылмыскерді ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алумен басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында қылмыскерді ұстау барысында 7 адам, оның ішінде құқық қорғау органдарының 5 қызметкері қаза тапқан еді.

Қаруланған қылмыскер өзін-өзі жарған кезде өзгелердің өміріне қауіп төндірмеу мақсатында  Жамбыл облысының ІІД  жол полициясы жеке батальонның взвод командирі полиция капитаны Ғазиз Байтасов қылмыскерді өз денесімен жапқан.

2011 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерлікпен қаза тапқан Ғ. Байтасовтың әйелі Гүлжамал Тажиеваға  «Халық қаһарманы» атағына қосымша «Алтын жұлдыз» белгісі мен «Отан» орденін табыстады.

– Отан үшін от кешіп, бейбіт заманда қаруланған қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан әріптестеріміздің ерлігі қашанда жадымызда. Біз бүгін осыдан тоғыз жыл бұрын, нағыз батырлықтың, қайсарлық пен ерліктің үлгісін көрсетіп, қоғам тыныштығы жолында қаза болған қаһарман әріптесімізді еске алдық. Ғазиз Байтасовтың жанқиярлық  ерлігі қатарымызға жаңа қосылған жас мамандарға қашанда үлгі-өнеге болуы тиіс, – деді Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Қайыркен Әлиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру