Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер есімі - ел есінде: Қызылордада спорттық турнир өткізілді

23 маусым - Қазақстан полициясы күні қарсаңында Қызылорда облысы ПД Шиелі ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлерді еске алу мақсатында жергілікті құзырлы органдар арасында шағын футболдан турнир өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік шараны аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, аудандық полиция бөлімінің бастығы Болатхан Мұханов және аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил ашып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Шағын футболдан өткізілген турнирге Шиелі ауданы полиция бөлімі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шиелі аудандық бөлімшесі, аудан әкімдігі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бөлімі, аудандық аурухана бөлімі, полиция бөлімінің ардагерлері және Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің ардагерлері қатысты.

Сонымен бірге жақсы ойын өрнегін көрсеткен Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің ардагері Сопбеков Бауыржан "Үздік ойыншы ардагер" номинациясымен, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Үсембаев Батырхан "Үздік қорғаушы" номинациясымен, аудан әкімдігінің қызметкері Ермағанбетов Берік "Үздік ойыншы" номинациясымен, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Амангелдиев Жігер "Үздік шабуылшы" номинациясымен, аудандық Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бөлімі нің қызметкері Торғынғали Рамазан "Үздік қорғаушы" номинациясымен марапатталды.Осы орайда жарысқа қатысушы командалар мен жергілікті құзырлы органдар басшылары аудандық полиция бөлімінің басшылығына өз алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру