Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерейментау ауданында тұрып қалған 114 автокөліктен тұратын автоколонна Нұр-Сұлтан қаласына бара жатыр

Павлодар облысының аумағында Шідерті-Ерейментау-Нұр-Сұлтан автожолында тұрып қалған 114 автокөлік қар құрсауынан шығарылды, –  деп хабарлайды Polisia.kz.

Құрамында 98 жүк және 16 жеңіл автомобиль бар колоннаны полицейлер мен құтқарушылар, сондай-ақ қар жинайтын техника алып жүруде.
Сағат 14.30-да колонна Ерейментау ауданының Новомарковка ауылына жетті. Елді мекен аумағында блок бекет ұйымдастырылған. Нұр-Сұлтан бағытындағы жол учаскесін тазартқаннан кейін жүргізушілер жолды жалғастыратын болады.

Қазіргі уақытта 140 адам (102 автомашинадан) жол бойындағы дәмханаға орналастырылды.
Тағы 12 көлік Торғай ауылының ауданында тоқтады, 28 адам осы көліктерден жылыту пункті ашылған Ерейментау орта мектебіне эвакуацияланды.

Эвакуациялық-құтқару іс-шаралары барлық жабық және қар басқан автожолдарда жүріп жатыр. Полицейлер мен құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олардың міндеті-жүргізушілер мен олардың жолаушыларын жолдың оқшауланған учаскелерінен босату ғана емес, сондай-ақ төтенше жағдайларда жол жүру кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бұл ретте, бірқатар БАҚ-та жазылған үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері туралы ақпарат ескірген екенін атап өткен жөн, өйткені жаңалық жарияланған сәтте автоколлона жолда болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру