Еріктілер Министрдің алғыс хатымен марапатталды
Атыраулық еріктілер Министрдің алғыс хатымен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атыраулық еріктілер Виктория Синицина мен Бекасыл Самиғолланың белсенді қызметтері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Атырау облысы Полиция департаментінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауға, алдын алуға бағытталған түрлі іс-шараларына үнемі белсенді қатысатын еріктілердің орны ерекше.
Қоғам жанашырларының еңбектерін ескере отырып, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев еріктілерге ҚР Ішкі істер министрінің атынан алғыс хат табыс етті.