Салиховтар отбасы ҚАЖД мекемесінде жұмыс істейді
СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/1 мекемесінде отбасымен мекемеде қызмет атқаратын әріптес Ануар Салихов пен Гульнар Нургалимова есімді ынтымақты отбасы жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 12 мамыр күні Ануар Салихов 63 жасқа толып, зейнеткерлік демалысқа шықты. Мекемеде 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, зейнетке шықса да жұмысын ары қарай жалғастыруды бел байлады.
Ануар мекемеде жүргізуші болып қызмет атқарады. Күлімсіреген, ақ көңіл, байсалды және тез тіл табысатын ол әрқашанда жас буынға ақылын айтып көмектеседі. Гульнар тылмен қамтамасыз
ету бөлімінде инспектор болып 2016 жылдан бастап қызмет атқарады. Қамқор ана, сүйікті әже, қосымша бағбан.
Бүгінгі күні Ануар мен Гульнар – үлкен және тату отбасы. Ерлі-зайыптылар екі қыз тәрбилелп өсірді. Қазір бес немересі бар. Балалары да осы ата-анасынан үлгі алып, олардың жолдарын қуды.
Асель мен Анель ЕС-164/1 мекемесінде жұмыс істеді, Асель қаржымен қамтамасыз ету бөлімінде, Анель мемлекеттік құпия қорғау тобында. Күйеу баласы Асхат қылмыстық – атқару жүйесі, Петропал қаласы пробация бөлімінде инспектор болып қызмет атқарады.
Нургалимовтар отбасының өмірі Заречный кентімен байланысты, осында тұрып, осында қызмет атқарып, осында балалары мен немерелері тұрады. Бос уақытын олар сүйікті немерелеріне арнайды.
Ануар мен Гульнар некеде 30 жылдан астам тұр. Отбасылық құпиялары – бір-біріне жол беріп, сонымен қатар шыдамдылық, сыйластық және махаббат таныту.