Ерлігін ел ұмытпайды
Павлодарлық тәртіп сақшылар Павлодар облысының Достық ауылында тұрып жатқан, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Қанат Сармантаевтың отбасында болып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қанат Сармантаев қызмет бабында қаскөйлердің қолынан мерт болды. Ол елдің тыныштығын күзетіп, қылмысты ашу мен оның алдын алу барысында полиция қызметкері ретінде өзінің бар күш-жігерін жұмсап, еңбек етті. Келешек ұрпаққа оның қайсарлығы үлгі болары анық, – деді полицей Аян Анишев.
Сонымен қатар Павлодар облысы Полиция департаменті басшысы Н.М. Мәсімовтің атынан Болат ағамызға алғыс хатты, сондай – ақ жеке құрам атынан мерекеге орай азық-түліктерден тұратын сыйлықтарын табыстады.
Болатөз алдына өзін ұмытпай әрдайым қамқорлық танытып, көмек көрсететін аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.
Болат отбасына Қанат Сармантаев қызмет бабында қаза тапқан аяулы ұлдары ғана емес, ол – елі үшін жанын құрбан еткен халық ұлы.