Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Ерлік ел есінде": тәртіп сақшысының батыл әрекеті

Шымкент қаласы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы басынан өткен оқиғасымен бөлісті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Ерлік ел есінде" – бұл жобаның аясында шынайы батырлық үлгісін көрсеткен полиция қызметкерлері мен олардың ерлігімен аман қалған азаматтар қайта жүздеседі.

Кейіпкеріміз – Шымкент қаласы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Үсен Сиязбекұлы. Оның жедел әрекетінің арқасында бір бойжеткен қылмыскердің құрбаны болудан аман қалды.

Уақыт өте, адам өмірін құтқарып қалған сол сәт – тек жеке ерлік қана емес, болашаққа берілген үміт екенін түсінеміз. Осындай оқиғалар қоғамдағы полиция қызметінің маңыздылығын, олардың күн сайынғы еңбегінің құндылығын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Бұл тек алғыс айту сәті емес, ел үшін қызмет ететін әрбір жанның ерен еңбегін ұмытпай, ұрпаққа үлгі ету жолындағы бастама.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру