Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерлік — елге мұра: Ақтөбе заң институтында жаңа дәріс залы ашылды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен қазақтың қаһарман қызы, аты аңызға айналған мерген Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай жаңа дәріс залы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ халқы асқан батырлығымен, өшпес ерлігімен танылды. Ерлікке тағзым ету, оны ұрпаққа үлгі ету — ұрпақтың қасиетті борышы.

"Ұлы Отан соғысының даңқты батырлары" деп аталатын бұл залда ел мен жерді жанқиярлықпен қорғаған батырларымыздың ерлігіне тағзым жасалып, олардың өшпес өнегесі ұрпақ жадында мәңгілік сақталмақ.

Салтанатты шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.Елеуов, қала әкімінің орынбасары А.Оралов, облыстық полиция департаменті мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, облыстық мәслихат депутаттары және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аталған бастама — білім алушыларды батыр бабаларымыздай отансүйгіш, антына адал, нағыз патриот тұлға етіп тәрбиелеуге, сондай-ақ еліне қалтқысыз қызмет ететін жаңа буын полицейлердің қалыптасуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру