Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс ауданы полицейлерінің балалары әкелерін үлгі тұтады

Павлодар облысының Ертіс ауданы полицейлерінің балалары «Бала тілі – бал» челленджін бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өмірде әрқашан ерлікке орын бар. Біреудің ерлігі мәңгілік есте қалса, өмірімізге тыныштық сыйлап, күнделікті жұмысын адал атқарып жүрген азаматтардың жұмысы да көзге көрінбейтін ерлік болып саналады. Ертіс ауданы полицейлерінің балалары полицейлердің күнделікті өмірі туралы «Бала тілі – бал» деп аталатын челленджді  бастады.

– Әкем жұмыста байсалды, тіпті белгілі бір деңгейде қатал. Полицияға қызметке әкем анама үйленгенге дейін кірген. Оның басты жұмысы – қылмыстық істерді тергеу, – деді тергеу бөлімінің аға тергеушісі Арман Жүсіпбаевтың қызы жеті жастағы Айнұр Қамай.

Бөлімнің аға кезекші инспекторы болып табылатын Руслан Бақтыбаевтың балалары тоғыз жастағы Аңсар мен бес жастағы Диана да әкелері туралы айтып берді.

– Біздің әкеміз полицияда жұмыс істейді. Әкем көмекке мұқтаж адамдарға көмектеседі, өйткені біздің әкем полиция қызметкері. Біз ұйықтауға жатқанда әкеміз үйде болмайды, өйткені ол кезекшілікте. Біздің әкеміз – ең мықты, ең батыл, ең қамқор жан! Біз әкемізді өте жақсы көреміз! – деді олар.

Штабтың аға инспекторы болып қызмет ететін Денис Дорденконың қызы төрт жастағы Злата Дорденко да полицейлердің қызметі туралы өз ойларымен бөлісті.

– Әкемнің жұмысы өте қауіпті. Ол күні бойы қызметте, сондықтан ол үйде болғанда мен қуанамын. Біз әкеммен бірге сырғанақ тебеміз, – деді Злата.

Ертіс аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторының көмекшісі Ринат Мусиннің төрт жастағы ұлы Жақсылық Мусин де әкесі туралы айтып берді.

– Менің әкем полиция қызметкері, ол маскүнемдерді ұстайды. Мен әкемді мақтан тұтамын! – деді Жақсылық.

Кішкентай балалар болашақта полицей болуды армандайды, олар қазірдің өзінде бұған жету үшін көп күш салады, жақсы оқиды, спортпен шұғылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру