Ертіс ауданында тракторды мас күйде жүргізген тұрғын анықталды
Ертіс ауданында тракторды мас күйде жүргізген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мас күйінде көлік жүргізу туралы заңнаманың қатаңдатылуына қарамастан, полиция қызметкерлері күн сайын көлікті мас күйінде басқару фактілерін анықтайды, сонымен қатар полиция қызметкерлері басқару құқығынан бұрын айырылған мас жүргізушілерді де ұстайды.
– 2021 жылы 31 шілдеде Ертіс ауданының полицейлері 59 жастағы ер адамның басқаруымен МТЗ-82 тракторын тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Жүргізуші куәландырылды, медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес ер адам мас күйінде болған. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.
Материал сотта қаралды, онда сот қаулысымен трактор жүргізушісі аталған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылып,15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Басқа жағдайда, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 30 жастағы ер адам мас күйінде BMW 520i маркалы автокөлікті жүргізген. Полиция қызметкерлері жүргізушіні рейдтік іс-шара өткізу кезінде ұстады. Ертіс аудандық сотының қаулысымен ер адам ҚР ӘҚБК 608-бабының 6-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жиырма тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.