Ертіс ауданының полицейлері бесінші сынып оқушысына велосипед сыйлады
Ертіс ауданының полицейлері қамқоршылар күніне орай «Армандар орындалады» қайырымдылық акциясына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
— Бұл жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу бойынша үлкен жауапкершілікті өз мойнына алған адамдар үшін ерекше күн. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек пен қолдау көрсету – осы іс-шараның негізгі мақсаты. Бүгін біз жеке велосипедінің болғаны туралы армандаған 11 жастағы Иринаның арманын орындадық, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.
Ирина сыйлық үшін өте қуанышты, өйткені ол ұзақ уақыт бойы велосипедім болса екен деп армандаған. Қонақтарға Ирина өскен кезде түрлі тәттілер пісіретін кондитер болғысы келетінін айтты.
Қазір ол бесінші сыныпта оқиды, үлгерімі жақсы. Иринаның отбасы қонақтардың келгеніне қатты қуанды. Қамқоршы Татьяна Андреевна полицейлерге алғыс білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.
– Біз Иринаға бақытты балалық шақ, мықты денсаулық, оқу үздігі болуды тілейміз, – деді Дәулет Молдабаев.