Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс өңірінің оқушылары полицейлермен бірге экскурсияға шықты

Ертіс өңірінің полицейлері оқушыларға экскурсия ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полицейлері Павлодар қаласы №34 мектебінің оқушыларына Павлодар облысы полиция департаментінің тарих және жауынгерлік даңқ мұражайында экскурсия өткізді.

Балаларға мұражай бойынша толық экспозиция ұсынылды, ішкі істер министрлігінің құрылу тарихы, соғыс жылдарындағы, сондай-ақ бейбіт уақыттағы полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы айтылды. Сондай - ақ балалар қызмет көрсету шарттары, жұмыс кестесі, нысанды киім-кешек және техникалық жарақтандыру туралы білді.

Мұражайда Қазақстан Республикасы ІІМ органдары мен Павлодар облысының Ішкі істер органдарының қалыптасу тарихы туралы ақпаратты қамтитын 1000-нан астам экспонат сақталған. Балалардың назарына түрлі дәуірлердегі ретрофотолар мен қайта жаңартылған нысанды киімдер, қару-жарақ, түрлі марапаттар мен ІІО қызметкерлерінің айырым белгілері ұсынылды.

Сонымен қатар көрме үлгілерінің арасында балаларға қазақстандық полицияның ІІО тарихы туралы кітап бұрышы ұсынылды, онда қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полиция батырларының өмірбаяны жазылған стендтер ерекше орын алады.

Оқушылардың пікірінше, экскурсия өте танымды және қызықты болды, балалар полиция жұмысы туралы көп нәрсе білді.

- Осындай іс-шаралардың арқасында балаларда патриотизм мен өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі тәрбиеленеді. Олар нақты оқиғамен байланыста болады, оны өмір мысалдарынан біледі. Ішкі істер органдарының қызметкерлері қызмет атқару кезінде көрсеткен батылдық пен ерлік сияқты сөздер мұражайда нақты фактілермен расталған және келушілер үшін сенімді. Сондықтан полицей мамандығы шынайы құрмет пен мақтаныш сезімін тудырады, көптеген балалар өз өмірлерін ішкі істер органдарындағы қызметпен байланыстыруды армандайды, - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру