Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс өңірінің полицейлері жыл басынан бері із-түссіз жоғалған 184 адамды тапты

Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері із-түссіз жоғалған 184 адамды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу полицияның көптеген бөлімшелерінің күштерін жұмылдыруды қажет етеді.

Мысалы, 2020 жылғы  9 қараша күні сағат 09.00-де полицияға әйел адам қоңырау шалып, 5 қарашада ұлының үйінен шығып кетіп, әлі оралмағаны туралы хабарлады.

– Жедел уәкілдер хабар-ошарсыз кеткен адамның болуы мүмкін жерді анықтау үшін дереу іздестіру шараларын бастады. Көп ұзамай 33 жастағы ер адам қаланың жалдамалы пәтерлерінің бірінен табылды және туыстарына қайтарылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Тұрғындардың жақындарымен келіспеушілігі салдарынан үйден кету фактілері жиі кездесіп тұрады. Мәселен, Екібастұз қаласының 51 жастағы тұрғыны 2020 жылғы 2 қарашада әйелімен ұрысып, үйінен кетіп қалған.

Полицияға ағасының жоғалып кеткенін айтып, қарындасы бір аптадан кейін хабарласқан. Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен, алкогольдік ішімдікке жақын азамат бұрын да үйінен кетіп қалып жүрген. Сол күні полиция қызметкерлері оны басқа да мас ер адамдармен бірге облыс ауылдарының бірінен тапты. Қазір ер адам өз отбасымен бірге.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру