Ертіс полицейлері игі іс жасады
Ертіс полицейлері көгершінді құтқарып, игі іс жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
№11 әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде, ПМУ тұрағында құрамында Павлодар қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары Жәнібек Шәкіров пен Әмірхан Сүлейменов болған №638 автопатрульге қолына көгершін ұстаған бір жігіт оны ветеринарлық клиникаға апару туралы өтінішпен жүгінді. Жас жігіт жолда көгершін жатқанын, ал өтіп бара жатқан адамдар мен жүргізушілер оған бей-жай қарағанын, оны көлік басып кетсе, оның өліп кетуі мүмкін екенін түсіндірді.
Полицейлер құсқа бей-жай қарамайтын павлодарлықтың өтінішіне бірден жауап берді. Полиция көлігінің салонында көгершін тәртіп сақшыларына «бағынып», тыныш отырды.
– Көгершіндер – таңғажайып құстар. Олар бейбітшіліктің, үйлесімділіктің, тыныштықтың, махаббат пен адалдықтың символы болып саналады. Біз клиника мамандары қауырсынды науқастың денсаулығына қатысты мәселелерді шешетініне және ол босатылатынына сенімдіміз. Жүргізушілерге айтарымыз, жолда абай болыңыз және кез келген секундта дөңгелектердің астында нәзік құстың өмірі болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз, – дейді полицейлер.
Полицейлердің игі істері мұнымен аяқталған жоқ. Клиникадан кетіп бара жатып, тәртіп сақшылары ер адамның автобусқа кешігіп бара жатқанын көрді. Көшеде қатты аяз болғандықтан ер адам тоңып қалмасын деп полицейлер оған жақындап, келесі аялдамаға жеткізіп тастауды ұсынды, сол жерде ер адам автобусқа мініп, ризашылықпен қолын бұлғады.