Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс полицейлері заңсыз айналымнан алынған есірткіні жойды

Ертіс полицейлері заңсыз айналымнан алынған есірткіні жойды,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полицейлері нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер ретінде алынған есірткі құралдарын жою бойынша іс-шаралар жүргізді.

Арнайы комиссияның қатысуымен барлық шараларды сақтай отырып, 59,7 келіден астам героин есірткі заты және 7,8 келі гашиш өртенді. Жойылған заттар 240 мың дозаға тең.
Есірткі құралдары да, оларды дайындауға арналған құрылғылар да жойылуға жатады.

Павлодар облысының полиция департаментінде осы жылы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерімен өңірдегі есірткі ахуалын тұрақтандыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылды. Опиаттар мен психоактивті заттардың заңсыз айналымы саласында қылмыстар анықталып, жолы кесілді, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу және есірткінің таралуының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

– 164 есірткі қылмысы анықталды, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 39 адам ұсталды, сотқа 119 қылмыстық іс жіберілді. Заңсыз айналымнан 420 келіден астам тыйым салынған заттар тәркіленді, оның ішінде 358 келі каннабис тектес есірткі және 6,4 келі психоактивті заттар. Тіркелген қылмыстардың 30%-дан астамы Павлодар және Екібастұз қалаларына тиесілі. Әдетте олардың қатысушылары мұндай әрекеттерді алғаш рет жасаған 18-22 жас аралығындағы адамдар, – дейді облыстық полиция департаменті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру