Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс сақшылары тыныштықты бұзғандарды жөнге салды

Павлодар облысында шу шығарған көршілеріне ашуланған тұрғындар полицияға шағымданған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айналасындағылардың барлығының мазасын алатын шулы көршілерге қатысты жағдай өте жиі кездесетін мәселе. Зардап шеккен тарап, әдетте, полицияға қоңырау шалады, содан кейін полиция қызметкерлері келіп туындаған мәселелерді шешеді.

Павлодар облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов облыс аумағында тыныштықты бұзғаны үшін 2021 жылы 390 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Мысалы, Павлодарда өткен түні қала тұрғындарының көршілерінің тыныштығын бұзу дерегі орын алған. Полицияға Павлов көшесіндегі көп пәтерлі үйдің тұрғындары көрші пәтерде орын алған қатты шуға  шағымданған.

Полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға келіп, шулы көршілердің пәтерінде өтіп жатқан көңілді мерекенің түн ортасына дейін созылғанын анықтады.

Пәтер иесі қонақтарымен бірге өзінің туған күнін тойлап жатқан. Туған күн иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі (Тыныштықты бұзу)  бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сәл кейінірек сағат 00.46-да осыған ұқсас хабарлама саяжай шағын ауданында орналасқан көп қабатты үйден келіп түсті. Бұл пәтердің иесі де ҚР ӘҚБК 437-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері тәртіп бұзушылармен түнгі уақытта тыныштықты сақтау қажеттігі туралы профилактикалық әңгімелер өткізді.

Бұдан басқа, полиция қызметкерлері азаматтарға заңдылықты сақтауды, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне немқұрайлы қарамауды және құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты жедел түрде «102» телефоны арқылы хабарлауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру