Ержан Саденов: Тергеу жұмысының сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдануда
Елімізде тергеліп жатқан барлық істер бойынша азаматтарға 40 миллиард теңге көлеміндегі шығындары өтелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу жұмысының сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдануда.
Қылмыстық істердің 96%-ы ІІМ-нің қарауында.
Бүгінде жасанды интеллекті бар цифрлық көмекші белсенді енгізілуде. Ол тергеу жұмысын автоматтандырады, жауаптарды талдайды, қарама-қайшылықтарды анықтайды және басқа да функцияларды орындайды.
Бұл өз кезегінде уақыт пен еңбек шығындарын азайтып, тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
— Тергеліп жатқан барлық іс бойынша азаматтарға 40 миллиард теңге көлеміндегі шығындары өтелді, — деді ішкі істер министрі.