Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есепте тұрған істі болғандар Абай мұражайына барды

Семей қаласында есепте тұрған сотталғандар ұлы қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған мұражайға барды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай мұражайы-қаланың ең танымал көрікті орындарының бірі. Семей қаласындағы Абай мұражайы биыл екі атаулы күнді атап өтеді: ұлы жазушының туғанына 175 жыл және мұражайдың 80 жылдық мерей тойы.

Бүгінде бұл жай ғана мұражай емес – ескі Семей қаласының тарихы. Мұражай кешенінің аумағында көне медресе, ескі көпес үйі бар. Ғимарат уақыт өте келе өзгерген, бірақ сол жылдар іздерін сақтап қалды.

Мұражай экспонаттары Абай шығармалары мен көне заттар – халықаралық көрмелерге жиі апарылады. Олар қайда қойылса да, барлық жерде табысқа ие,- дейді Абай мұражайының экскурсоводы.

Абай мұражайында пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығы туралы, оның ақындық және туыстық ортасы туралы егжей-тегжейлі қызығушылықпен танып білді. Мұражайдың 19 залында ақын отбасының жәдігерлері, оның дәуірін, қоғамдық қызметін сипаттайтын құжаттар, материалдар ұсынылған. Мұражайдың көптеген марапаттары мен мақтау хаттары бар. Кеңес дәуірінде мұражай жоғары марапатқа ие болып, қаланың ең үздік мұражайы болып танылды.

Өз әсерімен сотталған Г. Е. бөлісті: бүгінгі Абай мұражайына саяхат маған жағымды әсер қалдырды. Бұл экскурсия тарихқа деген қызығушылықты оятты. Бір кездері тарихшы немесе археолог болғым келген еді. Ендігі балалармен бірге осындай керемет сұлулықты көрсету үшін міндетті түрде осында қайта келемін. Мұражайларға барып, ішкі әлемді байытамыз, ой-өрісімізді кеңейтеміз, өзімізді де, істі болғандарды да әсемдікке шақырамыз. Сондықтан мұражайлардың біздің өмірімізде үлкен орны бар, өйткені мұражайларда сақталған мұра ғана адамды қалыптастырады, дәстүрді сақтайды,халқымыздың өмірін көрсетеді. Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа заттық дәлелдер, біздің халқымыздың өткен жолы, осы халыққа деген мақтаныш пен бақыт,-дейді істі болған азаматша.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру