Есірткі айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру туралы
ІІМ есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру жөніндегі Жол картасын орындау үшін ведомство осы саланы бақылау жүйесін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Міндетті талаптар тізілімін «Е-Лицензиялау» МДҚ АЖ-мен интеграциялау іске асырылды, бұл есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында лицензиясы бар компаниялар туралы мәліметтерді түсіруге мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, «Smart Data Ukimet» АТЖ электрондық шот-фактуралардан интеграциялау арқылы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті берген құрамында есірткі бар дәрілік препараттар бойынша деректер көрсетіледі.
Қазіргі уақытта орталық бірлесіп Есірткі дәрілік препараттарының нақты жөнелтілгенін және олардың құнын куәландыратын құжаттарды түсіруді пысықтауда.
Бұдан басқа, әкімшілік кедергілерді азайту және бизнес-ахуалды жақсарту мақсатында 2021 жылғы 30 желтоқсанда мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін реформалау бойынша «кәсіпкерлік қызметті таза парақтан реттеу туралы» Заң қабылданды.
Осы норманы іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды реттеу жөнінде түзетулер енгізілді.
Бұл түзетулер кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу тәртібін көздейді, бұл есірткі айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ жосықсыз заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейтеді.