Есірткі дүкенін құрды деп күдікке ілінгендер шетелде ұсталды
Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскөйлер:
-
есірткі және психотроптық заттарды сату;
-
оларды тұтынуға итермелеу;
-
ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болу;
-
лауазымды тұлғаға пара беру сынды әрекеттерге барды деп күдікке ілінген.
2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, есірткі және психотроптық заттарды сатқаны анықталды.
Қылмыстық схема бойынша олар курьерлік жұмысқа қабылдау туралы хабарландырулар арқылы басқаларды тартумен, сондай-ақ барлық заңсыз әрекеттерді үйлестірумен және қаржыландырумен айналысқан.
Қазіргі уақытта күдіктілер Черногория аумағында қамауда.