Есірткі еккен Қызылорда облысының тұрғындары ұсталды
Есірткі еккен Қызылорда облысының тұрғындары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 5 тамыз күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Арал ауданында жергілікті екі тұрғынның өз үйлерінің бақшаларына сора өсімдігін еккендігі анықталды.
Жедел-тергеу тобымен жүргізілген іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде сол ауданның 39-47 жастағы тұрғындары ұсталды.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (Ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.