Есірткі сақтаған қызылордалық тұрғынға сот үкімі шықты
Есірткі сақтаған қызылордалық тұрғынға сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық соты синтетикалық есірткі затын сақтаған 21 жастағы тұрғынға үкім шығарды.
Ер адам өткен жылдың желтоқсан айында облыс орталығындағы мөлтек аудандардың бірінде ұсталды. Белгілі болғандай, «синтетика» әуесқойының пәтерінде салмағы 411,61 грамм болатын психотроптық зат болған, бұл өте үлкен мөлшердегі синтетикалық препараттарға жатады.
Ұсталған жас жігіттің айтуы бойынша, ол «дәрі-дәрмектерді» жеке пайдалану үшін сақтаған. Сотта ер адам өзінің кінәсін мойындады, өкінетінін айтып, жасын ескере отырып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Соттың үкіміне сәйкес, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.