Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі сақтаған жергілікті тұрғын ұсталды

Түркістан облысының полицейлері есірткіні сақтау бойынша күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде марихуана сақтайтыны туралы хабарлама келген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері тінту амалдарын жасап, тұрғылықты мекен-жайынан есірткі тауып, күдікті азаматты ұстады. Жедел уәкілдер оның жатын бөлмесін тінту кезінде марихуанаға ұқсас өсімдік тектес есірткі жасырынған газет орамасын тәркіледі.

Сот-криминалистикалық сараптамаға сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 240 гр шамасындағы марихуана болып шықты. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын, сонымен қатар ер адамның үйде есірткіні қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.

Есірткі заттарын заңсыз сақтаудың тағы бір фактісін Ордабасы ауданының полицейлері анықтады. Ауыл көшелерінің бірінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқарып жүрген учаскелік инспекторлар күдік тудырған ер адамды тоқтатады. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары оның қалтасынан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес есірткі салынған түйіншекті тауып алады. Тәркіленген есірткі заты, сараптамаға сәйкес, салмағы шамамен 1 грамм болатын «кептірілген марихуана» екені анықталады. Белгілі болғандай күдікті Ордабасы ауданының жергілікті тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚК-нің 296-бабы (Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, өткізгені және таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Сондықтан тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру