Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі сатпақ болған ер адам ұсталды

Түркістан облысының полицейлері есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі. Ол өзінің арызында белгісіз бір азамат өзіне есірткі затын сатпақ болғаны жайлы көрсетеді.

Осы жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлері Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады. Айғақты зат ретінде полиция қызметкерлері күдіктіден 50 грамнан астам «марихуана» тәркіледі. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға заңсыз есірткі сақтап, өсірген, сатқандарға қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады. Егер сіз есірткіге қатысты мәселеге тап болсаңыз немесе осы салада қылмыс жасауға байланысты ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның «102» телефоны бойынша хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру