Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі сатқан және сақтаған Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды

Қызылорда облысында 10 маусым күні «Қарасора-2020» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлерімен Қазалы ауданының 56 жастағы тұрғыны есірткі затын сатқаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тінту барысында күдіктінің тұрғылықты мекен жайынан құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіргені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша, яғни 297-бабының 1-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) және 300-бабының 1-
бөлігімен (өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

«Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс-шарасының 10 күнінде барлығы 28 есірткі құқық бұзушылығы анықталса, оның 17 дерегі есірткі егіп- баптау деректері.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру