Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі сатты деген күдікпен түлкібастық тұрғын ұсталды

Есірткі сатты деген күдікпен түлкібастық тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне жергілікті тұрғындардың бірінің, есірткіні заңсыз өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полицейлер есірткі сату қылмысына күдікті ретінде бұрын сотты болған Түлкібас ауданының тұрғынын қолға түсірді. Жедел уәкілдер ұсталған адамның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде, оның үйінен бір дана қағазға оралған айрықша хош иісі бар есірткіге ұқсас затты тауып алып, тәркіледі.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы шамамен 50 грамм «кептірілген марихуана» болып шықты. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымы мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер де, сіз, осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз немесе есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу деректері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру