Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі тасымалдаған екібастұздық 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Есірткі тасымалдаған екібастұздық төрт жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз тұрғыны құқық қорғау органдарының назарына түсті, ол жеке тасымалдаумен айналысып, өз көлігінде есірткі заттары бар үш брикет пен бір полиэтилен пакетті тасымалдады.

– Алынған заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды, алынған заттардың жалпы салмағы 12 келіден асатын кептірілген марихуана екендігі анықталды. Сот арқылы Екібастұз қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Айта кету керек, жыл басынан бері полицейлердің үйлестірілген іс-қимылдарының нәтижесінде заңсыз айналымнан 73 келіден астам есірткі заты, оның ішінде төрт келіден астам гашиш, 67 келіден астам марихуана тәркіленді. 27 есірткі қылмысы анықталды, 48 адам сотталды, есірткімен заңсыз операциялар жасағаны үшін 65 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру