Есірткі заттарын сату жарнамасын орналастырған сайттар жабылды
Жыл басынан бері Маңғыстау облысында есірткі заттарын сату жарнамасын орналастырған 24 сайт анықталып, жабылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында интернет-кеңістігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Мониторинг кезінде есірткі құралдары мен есірткі түрлерін жарнамалаумен және сатумен айналысатын 24 сайт анықталып, олардың барлығы бұғатталған.
Мұндай сайттарды құру есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз
жарнамалау ретінде саналады. Бұл үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 423-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған,айыппұл 150-ден 700 АЕК-ке дейін, яғни 378 750-ден 1 767 500 теңгеге дейін.
Есірткіні таратумен айналысатын адамдарға 291-бап бойынша есірткіні таратумен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады. Маңғыстау облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасымен қаланың қоғамдық орындарында 8 граффити жазулар табылып, жойылды. Қарапайым тұрғындар бұл есірткі жарнамасы екенін байқамайды. Есірткі тұтынушылар ісінен хабардар, олар әр түрлі мессенджерлер арқылы есірткі сатып алуға тырысады.
Тұрғындардан есірткі қылмысымен күресте белсенділік танытып, белгілі болған барлық қылмыс фактілері туралы есірткі қылмысымен күрес жөніндегі басқармаға WhatsApp +77772895480 желісі арқылы хабарлауын сұраймыз.