Есірткі затын тасымалдаған тараздық ұсталды
Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны заңсыз есірткі затын тасымалдағаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбылдық полицейлер есірткі затын заңсыз иемденіп, сақтап және тасымалдаумен айналысқан Түркістан облысының 50 жастағы тұрғынын ұстады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Тергеу барысында күдікті Шу ауданының аумағында кендір қурайлардың көп өсетіндігін біліп, оны аса ірі көлемде жинап, жасырып, өзімен бірге алып кетуді жоспарлағанын мойындаған. Ол қылмысын аяғына дейін жеткізу мақсатында танысының автокөлігін жалдап, жинаған есірткі затын тұрғылықты мекенжайына тасымалдап бара жатқан жолда Т.Рысқұлов АПБ және ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Т.Рысқұлов ауданының бөлімшесі қызметкерлерімен ұсталды.
Қазіргі таңда барлық тергеу амалдары аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.