«Есірткі және психотроптық заттарды заңсыз өткізу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді
ІІМ Ақтөбе заң институты министрліктің бейінді департаментімен бірлесіп, «Есірткі және психотроптық заттарды заңсыз өткізу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Конференция жұмысына ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов, Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Мұрат Сейталин, есірткіге қарсы полиция бөлімшелерінің және прокуратураның қызметкерлері, сондай-ақ отандық және халықаралық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
ІІМ өкілі есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдағы жұмыстың негізгі бағыттары, яғни Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары, елдегі есірткі жағдайын тұрақтандыруға арналған заңнамалық бастамалар туралы айтты.
Конференцияға қатысушылар нашақорлықтың алдын алу барлық мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның қатысуымен келісілген түрде жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.