Есірткіге қарсы киносеанс – СҚО-да полицейлер жастармен профилактикалық жұмысты жалғастырып жатыр
Есірткіге қарсы киносеанс. СҚО-да полицейлер жастармен профилактикалық жұмысты жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жоғары сыныптың 250 оқушысы мен колледж студенттерді “Тұздар мен спайстар. Құрдымға апарар жол” деректі фильмін тамашалауға шақырды.
Полицияның кәсіпқойларды тарта отырып түсірген бұл фильмі синтетикалық есірткінің зиянды әсері туралы түсінік беретін ең ақпараттық дереккөздердің бірі болып қала береді.
Есірткіні қолданғаннан кейін өз-өзін бақылаудан айырылған көрермендер құрдастарының кадрлары, мамандардың санаулы жылдар ішінде “синтетика” адамды орны толмас психикалық бұзылуларға, тіпті өлімге алып келетіні туралы әңгімелері жігіттер мен қыздарды қатты таң қалдырды.
Сондай-ақ полицейлер жасөспірімдерге есірткіге қарсы насихаты бар ақпараттық жадынамалар мен смартфондарға арналған “Петропавл – есірткісіз қала” жазуы бар жапсырмалар таратты.
– Білім беру органдары мен “Новый свет” кинотеатры басшылығының көмегімен өткізілген сеанс – Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналған айлық аясындағы профилактикалық жұмыстың бір түрі. Алда 26 маусымға жоспарланған жаппай жүгіру және ашық аспан астындағы үлкен концерт сияқты іс-шаралар бар. Өткен жылы осындай іс-шаралар жастардың үлкен қызығушылығын тудырып, интернет кеңістігінде көптеген оң пікірлерге ие болды, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.