Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткіге қарсы күрес: Астанада тағы бір заңсыз әрекеттің жолы кесілді

Астанада тағы бір заңсыз әрекеттің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада прокуратурамен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан 30 күндік есірткі қылмыстарына қарсы іс-шара аясында полицейлер 28 жастағы қала тұрғынының заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Күдіктінің есірткі заттарын сақтап, таратумен айналысқаны анықталды. Жедел іс-шара барысында оның пәтерінің балконында тыйым салынған заттарды пакеттерге салып отырғаны белгілі болды. Тінту кезінде полиция қызметкерлері ақ түсті, кристалл тәрізді 160 түйіншекті тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат Альфа-PVP болып шықты.

Аталған факті бойынша есірткі заттарын сақтау және сату дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Елорда полициясы азаматтарға есірткі заттарын сақтау, сату және тарату үшін заңнамада қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Құқық қорғау органдары тұрғындарды қырағы болуға және есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген дерек бойынша "102" нөміріне дереу хабар беруге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру