Есірткіге қатысты 24 құқық бұзушылық анықталды
Қызылордада «Қарасора-2020» арнайы шара барысында есірткіге қатысты 24 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы көлемінде өткізіліп жатқан «Қарасора-2020» арнайы жедел-профилактикалық
іс-шарасы барысында полиция қызметкерлерімен 8 маусым күні өсіруге заңмен тыйым салынған есірткі затына ұқсас өсімдіктерді өз үйінің ауласында орналасқан мал қораның ішінде заңсыз егіп-өсірген 61 жастағы Жаңақорған ауданы Төменарық аулының тұрғынын ұсталды.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы қызметкерлерімен қарап-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында 83 түп заңмен тыйым салынған ерекше иісі бар жасыл түсті шөп анықталды.
Аталған заттар заттай дәлелдеме ретінде алынып, тиісті сараптама тағайындалды.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру
амалдары жалғасуда, күдікті тұлға Жаңақорған аудандық Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
– Қызылорда облысы көлемінде өткізіліп жатқан «Қарасора-2020» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткіге қатысты 24 құқық бұзушылық, оның ішінде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің 13 дерегі анықталды, – дейді Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.