«Есірткіге жол жоқ!”: Абай облысында ауқымды веложарыс ұйымдастырылды
Абай облысында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ауқымды веложарыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп «Есірткіге жол жоқ!” веложарысын ұйымдастырды. Іс-шара жыл сайын 26 маусымда атап өтілетін Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орайластырылды.
Жаппай веложарысқа 100-ден астам велосипедші қатысты. Олардың арасында атақты спортшылар, жас велосипедшілер, сондай-ақ екі доңғалақты көлік құралын ұнататын қарапайым қала тұрғындары бар.
Қатысушылар Абай алаңынан бастап, Бейбітшілік аралында мәреге жетті. Бұл веломарафонның басты мақсаты – спортпен шұғылдану арқылы жұртшылық пен жастардың назарын белсенді өмір салтын жүргізуге, жаман әдеттерден бас тартуға және есірткіні қолданбауға аудару.
Айлық шеңберінде тыйым салынған заттарды қолдану және тарату бөлігінде құқықтық жауапкершілікті түсіндіру бойынша жасөспірімдермен күнделікті негізде жұмыс жүргізілетін болады.