Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткіге жол жоқ: СҚО-да полицейлер жұртшылықпен бірге ерекше фототренд жасады

Есірткіге жол жоқ: СҚО-да полицейлер жұртшылықпен бірге ерекше фототренд жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәсіпқойлар, белсенділер, спортшылар және қарапайым сұлулар – Петропавлда жұртшылық өкілдері полицейлердің шақыруын қолдап, есірткіге қарсы фото-бейнетренге қатысты.

Облыстық өлкетану мұражайының аумағында орналасқан Qyzyljar Art center шығармашылық кеңістігінде қыздар әлеуметтік желілер үшін жастарды есірткіден аулақ болуға шақыру мақсатында фото-бейнесессия өткізді.

Белсенді студент Әминә Баранқұлова жастардың атынан есірткісіз болашақты қолдайтынын айтты. Ал Дәрігер Айымгүл Канашева тәуелділік алғашқы дозадан-ақ пайда болатынын еске салды. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Зарина Попова есірткі қылмысы үшін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын айтты.

Нашақорлық мәселесі туралы көбірек білгісі келетін немесе жедел қызығушылық тудыратын ақпаратты хабарлағысы келетін блогер Руфия Мұстафина Instagram-дағы полицияның upn_dp_sko әлеуметтік желісіне жазылуды ұсынды. Ал спортшы, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы Сания Зейкенова қазіргі уақытта салауатты өмір салты трендте екенін жастарға жеткізді.

– Есірткіге жол жоқ. Біз балаларымыз үшін салауатты болашақты қолдаймыз, – деді ұстаз, болашақ ана Ақсаулеш Құрманова.

Ал кәсіби модель Лаура Қасенова жастарды өсуге, дамуға шақырды.

«Жастар Ассамблеясы» республикалық қоғамдық басшысы Дариға Смайылова полиция қызметкерлері мен белсенділердің бастамаларын әлеуметтік желілерде кеңінен жариялау үшін видеограф болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру