“Есірткіге жоқ деп айт!”: ШҚО полицейлері рефераттар байқауын өткізді
ШҚО полицейлері “Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі қызметті жетілдіру және жақсарту” тақырыбында рефераттар байқауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың қыркүйек айының ортасында ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру мақсатында “Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі қызметті жетілдіру және жақсарту” тақырыбында рефераттар конкурсын жариялады, оған ШҚО Сәрсен Аманжолов атындағы жоғары колледжі заң факультетінің 2-3 курс студенттері белсене қатысты.
Барлық рефераттар комиссия мүшелерімен зерделенді, олардың арасынан ең үздіктері іріктеліп алынды, онда есірткіге байланысты қылмыстармен күресу және алдын алу мәселелері, оның ішінде негізгі мәліметтер, қорытындылар және оларды шешу жолдары көрсетілген. Сонымен қатар студенттердің барлығы дерлік өз эсселерінде осындай қылмыстарды тергеу, нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ осы зұлымдыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара іс-қимылына қатысты жұмыстың негізгі аспектілерін сипаттаған.
Байқаудың барлық кезеңдерінен кейін жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, осы іс-шараға қатысуда ерекше көзге түскен студенттерге, “Есірткіге жоқ деп айт!” логотипі бар футболкалар мен кепкалар таратылды.