Есірткімен айналысқан тараздық ұсталды
Есірткімен айналысқан 50 жастағы тараздық тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбылдық полицейлер Түркістан облысынын 50 жастағы тұрғыны есірткі затын заңсыз иемденіп, сақтап және тасымалдау қылмысын жасағандығы үшін қолға түсірді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті Шу ауданының аумағында көптеген кендір қурайлардың өсетіндігін біліп, өзі есірткі затын шегу арқылы пайдаланатын болғандықтан, сол кендір қурайларды аса ірі мөлшерде заңсыз иемденіп жинағаны және тығып кетіп, өзімен бірге алып кетуді жоспарлағаны анықталған.
Ал қылмысын аяғына дейін жеткізу мақсатында ол өзінің танысынын автокөлігімен Меркі ауданына барып келуге 50 мың теңгеге келісіп, соңғыны біреуге жолығамын деп алдау арқылы сендіріп, Меркі ауданына барып, өзіне тиесілі есірткі заттарын автокөлікке салып, өзіннің тұрғылықты мекен-жайына тасымалдап бара жатқан кезінде, ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесі және Т.Рысқұлов АПБ қызметкерлерімен күдікті қылмыс үстінде ұсталған.
Қазіргі таңда барлық тергеу амалдары аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.