Есірткіні заңсыз сақтаған шымкенттік тұрғын төрт жылға сотталды
Есірткіні заңсыз сақтаған шымкенттік тұрғын төрт жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкенттік тұрғын саябақтардың бірінде серуендеп жүріп, полиэтилен пакетіне оралған өзіне тән хош иісі бар, дәріге ұқсас зат тауып алады. Азамат бұл затты тез арада полицияға өз еркімен өткізбестен, алдағы уақытта оны тұтыну немесе сату мақсатында өзіне қалдырған. Арада уақыт өте жолда белгісіз азаматтармен жанжалдасу барысында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы ажыратып, ерегіскен азаматтарды Полиция басқармасына жеткізеді.
Ер адамдардың жеке басын анықтау барысында бірінен 32 полиэтилен пакетіне оралған өзіне тән хош иісі бар психотропты затқа ұқсайтын зат анықталып, тәркіленеді. Тиісті сараптама қорытындысымен қалташалардағы заттың салмағы 16 грамға жуық болатын психотропты зат пирролидиновалерофенон екені дәлелденді. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады.
Аталған дерек бойынша ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) төрт жылға бас бостандығынан айырылды.