Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Есірткісіз әлем”: Жетісуда бұқаралық жүгіру шарасы ұйымдастырылды

Жетісу облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен “Есірткісіз әлем” атты бұқаралық жүгіру шарасы ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияға өңірдің еріктілері мен спортшылары белсене қатысты.

Шараның басты мақсаты – қоғам назарын нашақорлық мәселесіне аударып, салауатты өмір салтын насихаттау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорт – халықтың денсаулығын нығайтып, болашаққа сенім береді, ал есірткі – ел болашағына қауіп төндіреді.

Осындай іс-шаралар жастардың құндылықтарын дұрыс қалыптастырып, белсенді өмір салтын дәріптеуге ықпал етеді.

Полиция қызметкерлері атап өткендей, есірткі қылмысына қарсы күрес қоғамның бірлескен қолдауынсыз мүмкін емес. Тек бірге әрекет еткенде ғана спорт пен дамуды таңдайтын, зиянды әдеттерден аулақ бола білетін ұрпақ тәрбиелеуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру