Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Есірткісіз болашақ": Атырауда жасөспірімдер арасында эстафеталық жарыс өтті

Атырауда жасөспірімдер арасында эстафеталық жарыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Бұқаралық спортты дамыту спорт клубының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында "Есірткісіз болашақ" ұранымен эстафеталық жарыс өтті. Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттерден, оның ішінде есірткі қолданудан бойды аулақ ұстауға шақыру және жастардың бойында құқықтық сауаттылық пен есірткіге қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру.

Жарысқа аула клубтарының жасөспірімдерінен құралған 5 команда қатысты. Қатысушылар жарыс барысында жылдамдық, ептілік және бірлесіп жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті. Нәтижесінде, "Жастар" командасы топ жарып, 1 орынды жеңіп алды. "Драмтеатр" командасы 2 орынды, ал "Апельсин" командасы 3 орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Шара соңында Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізіп, нашақорлықтың, оның ішінде синтетикалық есірткі заттарының денсаулыққа және қоғамға тигізер зардаптары туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар ол есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік жайында түсіндіріп, әрбір жасөспірімнің қауіпсіз, салауатты болашағы өз таңдауына байланысты екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру